25 қазанда халықаралық ынтымақтастық шеңберінде «Жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының факторы ретінде мәдени-білім беру ортасын дамыту» атты VI Халықаралық ғылыми-практикалық интернет-конференция өтті. Ұйымдастырушылар ретінде әлеуметтік басқару Академиясы (Ресей, Мәскеу қ.) және Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті болды (мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық даярлық кафедрасы, педагогика факультеті).
Конференцияның мақсаты - көпполярлы әлемде тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының тиімділігін арттыру үшін білім беру ортасын жобалаудың даму тенденциялары мен бағыттарын анықтау. Конференция барысында мәселелерді талқылау пікірталас алаңдарында жүзеге асырылды:
1. Көпполярлы әлемде тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы.
2. Әлеуметтік-экономикалық қатынастарды цифрландыру жағдайында білім беру ортасын дамыту.
3. Тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының тиімділігін арттыру үшін білім беру ортасын жобалаудағы тәрбиелік аспект.
Конференция жұмысына Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері және басқа да бірқатар елдердің жоғары оқу орындары мен колледждерінің оқытушылары, докторанттары, магистранттары мен студенттері қатысты.