ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Lesson Study: қолданудың теориясы мен практикасы» тақырыбына вебинар

2022 жылдың 28 сәуірінде Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Педагогикалық шеберлік орталығы «Lesson Study: қолданудың теориясы мен практикасы» тақырыбына вебинар ұйымдастырып, өткізді. Іс-шараның спикері т.ғ.к., археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Әсел Мырзахметова болды. Вебинарға қатысушылар аталған тәсілдің пайда болу тарихымен, мақсатымен және ерекшеліктерімен, оны жұмыста қолданудың шетелдік және отандық тәжірибесімен танысты. Вебинардың барысында қатысушылар тәжірибелерді жоғары мектеп жағдайы мен техникалық және кәсіби білім беруді ұйымдастыруда пайдаланудың мүмкіндіктерін талқылады.