Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Студенттер сарайында "Екі жұлдыз" ән байқауының жартылай финалы өтті. Шығармашылық іс-шара Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылды Байқау шартына сәйкес оқытушы мен студенттен құралған әр жұп қазақ тілінде патриоттық ән орындауы керек. Барлық қатысушы тамаша вокалдық қабілеттерін көрсетті және тақырыпқа сәйкес келетін сахналық бейнелерді таңдады. Қазылар алқасының шешімімен 8 жұптың ішінен 4 жұп финалға өтті. "Көрермен көзайымы" номинациясы шетел тілдер факультетінің дуэті – шетел тілінің практикалық курсы кафедрасының оқытушысы Махаббат Тайқұманова мен студент Елібай Сәметұлына берілді. Байқаудың финалы 27 желтоқсан күні өтеді. Жеңімпаздардың есімдері гала-концертте белгілі болады.