ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Маркетинг» білім беру бағдарламасы бойынша V халықаралық қашықтық олимпиада

2024 жылдың 28-29 ақпаны аралығында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, маркетинг кафедрасы, сондай-ақ цифрлық экономиканы зерттеу институты сіздерді «Маркетинг» білім беру бағдарламасы бойынша V халықаралық қашықтық олимпиадаға қатысуға шақырады. I кезең «B2B үшін маркетингтік стратегия» – қатысушылар кез келген саладағы кәсіпорынның стратегиясын жасап, оны презентация форматында ұсынуы қажет. Жұмыс 2024 жылдың 29 ақпанына дейін Астана уақыты бойынша сағат 00:00-ге дейін ұйымдастыру комитетінің marketing_ksu@mail.ru электрондық мекенжайына жіберіледі. II кезең «Жарнама» – команда келесі кәсіпорындар үшін бейне жарнаманы ұсынады (таңдау бойынша): кофехана, ірімшік зауыты, гүл дүкені, ферма тағамдары, сүт өнімдері. Бейнеролик 2024 жылдың 29 ақпанына дейін Астана уақыты бойынша сағат 00:00-ге дейін ұйымдастыру комитетінің marketing_ksu@mail.ru электрондық мекенжайына жіберіледі. 29 ақпанға дейін халықаралық қашықтық олимпиадасына қатысуға ниет білдірген командалар ұйымдастыру комитетінің marketing_ksu@mail.ru электрондық мекенжайына өтінім мен орындаған жұмыстарын жіберуі қажет. Бір оқу орнынан екі командадан артық қатысуға болмайды. Жұмысқа қойылатын негізгі талаптар Халықаралық қашықтық олимпиадасы туралы ережеде көрсетілген. Барлық сұрақтар бойынша байқаудың ұйымдастыру комитетіне marketing_ksu@mail.ru электронды мекенжайы немесе келесі телефон номерлері бойынша хабарласуға болады: +77078677878 (Гребенюк Дарья Дмитриевна), +77770711671 (Торжанова Данагуль Асетовна).

Положение V МДО по ОП Маркетинг