ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Логистика бойынша V Халықаралық қашықтық олимпиада

2024 жылғы 27-28 мамыр аралығында академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, маркетинг кафедрасы, сондай-ақ цифрлық экономиканы зерттеу институты сіздерді логистика бойынша V Халықаралық қашықтық олимпиадаға қатысуға шақырады.

 

28 мамырға дейін қашықтықтан өтетін халықаралық олимпиадаға қатысуға ниет білдірген командалар ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына белгіленген қалып бойынша өтінім жіберуі қажет: logistics.olympiad@gmail.com. Бір оқу орнынан 2 командадан артық емес өтінім берілуі мүмкін. Олимпиадаға 3 адамнан тұратын командалар қатыса алады.

 

I кезең «Инфографика» – командалар «Банк секторы үшін қалалық логистиканы оңтайландыру әдістері» тақырыбында инфографика дайындайды.

 

II кезең «Ғылыми жұмыс» – тақырыптардың біріне презентация дайындау; презентация келесі бағдарламалардың бірінде орындалады: Microsoft PowerPoint/Canva/Apple Keynote/ Google Slides/ Prezi.

 

Олимпиада келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

  • «Логистикада нейрондық желілерді қолдану ерекшеліктері»;
  •  «Азық-түлік логистикасын ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдер»;
  • «Көлік логистикасындағы ақпараттық жүйелер»;
  • «Геоаналитика логистиканың негізі ретінде»;
  •  «Жасыл логистика мәселелері»;
  •  «Қалалық логистикадағы қозғалысты басқару технологияларының рөлі»;
  • «Корпоративтік логистиканы дамытудың драйверлері»;
  •  «Логистикаға арналған жаңа буын бағдарламалық қамтамасыз етудің рөлі»;
  •  «Спорттағы логистиканы дамыту»;
  •  «Азық-түлік технологияларындағы цифрлық логистикалық процестер»;
  •  «Білім беру логистикасы тұжырымдамасы»;
  • «Онлайн-арнада тауарлық-материалдық қорларды басқару (сіздің таңдауыңыз бойынша компания)»;
  •  «Цифрлық егіздердің логистикадағы рөлі»;
  •  «Мультимодальдық тасымалдау логистикасы»;
  •  «Қалалық логистиканың тиімділігін бағалау: жаңа тәсілдер мен әдістер».

 

 

Жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар қашықтықтан өтетін халықаралық олимпиада туралы ережеде көрсетілген.

 

Барлық сұрақтар бойынша олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне келесі электронды мекенжай бойынша: logistics.olympiad@gmail.com немесе келесі телефон номерлері бойынша хабарласуға болады: +77078677878 (Гребенюк Дарья Дмитриевна), +77770711671 (Торжанова Данагуль Асетовна).