ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

БӨКЕТОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ РЕКТОР КУБОГЫНА АРНАЛҒАН «СЕРГЕКТІК ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ» СПАРТАКИАДАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Қарағанды Бөкетов университетінде ректор кубогына арналған «Сергектік және денсаулық» спартакиадасының салтанатты жабылуы өтті. Жарыстың жеңімпаздарына, жүлдегерлерге, белсенді қатысушыларға дипломдар, ақшалай сертификаттар және бағалы сыйлықтар табысталды. Ректор Н.О. Дулатбеков атап өткендей, спартакиада тек спорттық шеберлікті арттырып қоймай, сонымен бірге корпоративтік рухты нығайтуға да ықпал етеді. Спорттық іс-шараға профессорлық-оқытушылар құрамы және университет қызметкерлерінен жасақталған 13 команда қатысты. Олар волейбол, үстел теннисі, футзал, асық ату, дартс, шаңғы эстафетасы, арқан тартыс сияқты спорт түрлерінен бақ сынады. Зияткерлік ойын әуесқойлары үшін дойбы мен шахмат турнирлері ұйымдастырылды. Жалпыкомандалық есепте дене мәдениеті және спорт факультетінің командасы бірінші орынды иеленсе, екінші орынды математика және ақпараттық технологиялар факультетінің командасы, үшінші орынды биология-география факультетінің командасы жеңіп алды.