ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

БӨКЕТОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СТУДЕНТТЕР АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуын мерекелеу қарсаңында академик Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде «Ауғанстан — жүректегі жара» атты тағылымды кездесу өтті. Студенттердің бойында патриоттық сезімін ояту және адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, дәріптеу мақсатында аталмыш іс-шараға жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушылар, соғыс ардагерлері Серғали Тоқтабеков, Айтпай Жұматаев және Мұрат Жариков арнайы шақырылды. Қонақтар білім алушыларға Ауған соғысының тарихы жайында азапты жылдардың естелігімен бөлісіп, сарбаздардың қаһарман ерлігі мен қайсарлығы туралы айтты. Қатысушылар ардагерлерге көкейдегі сұрақтарын қойды. Кездесу соңында дене мәдениеті және спорт факультетінің деканы Қуанышбек Аданов құрметті қонақтарға сүбелі әңгімелері үшін алғыс айтып, академик Е.А. Бөкетов жайлы жазылған кітапты, сондай-ақ университеттің имидждік өнімдерін сыйға тарту етті.