ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

БӨКЕТОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІНЕН ОЛИМПИАДА ӨТТІ

Қарағанды Бөкетов университетінің дене мәдениеті және спорт факультетінде кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Қарағанды қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 10-11 сынып оқушылары арасында алғашқы әскери және технологиялық дайындық бойынша пәндік олимпиада өтті. «Бөкетов университетінің бастапқы әскери дайындық және жеке сайыс кафедрасы мектеп оқушыларын отансүйгіштік рухта тәрбиелейтін іс-шараны жылда дәстүрлі түрде өткізіп келеді. Олимпиада бағдарламасы бойынша жоғары сынып оқушыларының теориялық білімімен қатар қолданбалы эстафета түрлері арқылы олардың дене дайындығына да баға береміз», — дейді,, Жас Сұңқар,, әскери-спорттық клуб төрағасы, бастапқы әскери дайындық және жеке сайыс кафедрасының профессоры Қанат Садықов. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен естелікке арнайы сыйлықтар табысталды