ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА БӨКЕТОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАСТАРЫ ДА АТСАЛЫСЫП ЖАТЫР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен елімізде сәуірдің сегізінен мамырдың он біріне дейін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бастау алған болатын. Ізгі іске Бөкетов университеті де қолдау танытты. Таңертеңнен университет студенттері бір кісідей сенбілікке шығып, қоршаған ортаны қоқыстан тазартуға құлшына кірісті. Әр факультет өз оқу ғимараттарының маңайын, Студенттер үйінің жан-жағын жиыстырды, Студенттер қалашығындағы жолдарды тазалап, жиектерін әктеді. Ал Студенттік Парламенттің депутаттары, «Біз бармыздың» волонтерлері, Жастар ісі жөніндегі комитеттің және басқа да шығармашылық ұйымдардың белсенділері Язев көшесінің, Құрылысшылар даңғылының бойында, үйлердің алаңқайында шашылып жатқан қоқыстарды жинады. Сенбілік алдағы сенбіде де жалғасын табады.