Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің шетел тілінен даярлаудың теориясы мен әдістемесі кафедрасы Сіздерді университетіміздің студенттері мен магистранттары арасында өтетін оқырмандар байқауға қатысуға шақырады. Егер сіз поэзияны жақсы көретін болсаңыз, өлең оқып, тіпті жазатын болсаңыз, біз сізді 28 сәуір күні сағат 12:00-де 9-шы оқу корпусының акт залында күтеміз. Шабыт пен сұлулық сезімін бізбен бөлісіңіз! Байқауға қатысу үшін 24 сәуірге дейін yana.chukalovskaya@gmail.com электронды поштасына өтінішті толтырып, жіберу керек.
<