Осы жылы сіздерге Алматы, Атырау, Маңғыстау, Түркістан облыстарында мұғалім тапшылығы бар өңірлерге Үздік педагогтарды тартудың арнайы бағдарламасына қатысуға бірегей мүмкіндік беріледі!
Конкурсқа тұрғылықты жеріне қарамастан, тиісті бейіндері бойынша жоғары педагогикалық, жоғары кәсіптік және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының базасында педагогикалық қайта даярлаудан өткен), сондай-ақ «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаттары бар педагогтер, сонымен қатар жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар бойынша үздік түлектері қатыса алады (гуманитарлық бағыт бойынша үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,2-ден төмен емес жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының түлектері, сондай-ақ педагогикалық мамандықтар бойынша үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,4-тен төмен емес магистратураны бітірушілер).
Жеңілдіктер:
- тұрғын үй беру; 150%);
- жыл сайын біліктілікті арттыру
- жоғары жалақы (+
.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат құжаттар пакетін қоса бере отырып, өтініш жіберуі қажет (өтініш нысаны және құжаттар тізбесі аталған облыстардың Білім басқармаларының сайттарында)
Білім басқармаларының байланыс деректері:
Алматы - almustaz@mail.ru, 87282-329416, 87475028538, 87782652877
Атырау - arnauly_atyrau@mail.ru или информационная система obl.bilim@atyrau.gov.kz Call-центр 87000880151, 87759742189.
Маңғыстау - m.kuzhatkabyldau@mangystau.gov.kz, +7 (7292) 571216; 87477280290
Түркістан - Sanat.obl@mail.ru, 87076847100
Асығыңыз, құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 16-26 маусым аралығында жүзеге асырылады!