ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Құрметті білім алушылар мен оқытушылар!

Қорытынды аттестаттауды өткізу мониторингінің басталуы жарияланады.

Бұл мониторинг кешенді емтихандар өткізудің және дипломдық жұмыстар мен магистрлік диссертацияларды қорғаудың ашықтығы мен жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Мониторинг мақсаты:

  • Қорытынды аттестаттау рәсімінің белгіленген стандарттары мен талаптарына сәйкестігін бағалау;
  • Білім алушылардың білімін бағалаудың әділдігі мен объективтілігін қамтамасыз ету;
  • Академиялық адалдық ережелерінің бұзылуының алдын алу және анықтау.

Мониторинг жүргізу кезеңі: 2024 жылғы 28 мамырдан 21 маусымға дейін.