ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

8 білім беру бағдарламалары аккредиттеуден сәтті өтті

2022 жылғы 29-30 қарашада академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде физика-техникалық, экономикалық, математика және ақпараттық технологиялар факультеттерінің 8 білім беру бағдарламалары аккредиттеуден сәтті өтті.

KBU үшін аккредиттеуді алғаш рет Қазақстанның заманауи (элиталық) білім ассоциациясы KAZSEE агенттігі жүргізді. Комиссия құрамында ұлттық және шетелдік сарапшылар, Қарағанды өңірінің жұмыс берушілері мен студенттерінің өкілдері болды.

Аккредиттеу шеңберінде сарапшылар профессорлар мен оқытушылар құрамымен, студенттермен, түлектермен және жоғарыда аталған білім беру бағдарламаларының серіктестерімен кездесіп, дәріс және практикалық сабақтарға қатысып, практика базаларына барды.

Университет басшылығы аккредиттеу рәсіміне қатысқан барлық білім алушыларға, оқытушыларға, түлектерге және жұмыс берушілерге, құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері мен басшыларына алғысын білдіреді!