ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Университет 2022 жылдың үздік жасыл университеті болып танылды

Университетішілік "Eco FabLab ашу арқылы университет кампусында жасыл технологияларды енгізудің кешенді моделін әзірлеу" (ғылыми жетекшісі-экономика және халықаралық бизнес кафедрасының меңгерушісі Жартай Жанибек Маратұлы) ғылыми – зерттеу жұмыстарына грантты орындау және мақсатты тұрақты даму саясатын енгізу нәтижелері бойынша біздің университет 2022 жылдың үздік жасыл университеті болып танылды!

Конкурс Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінен, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазақстандық кеңсесінен және Жасыл экономика үшін коалициядан тұратын конкурстық комиссиясы 5 өлшем және 40-тан астам критерийі бойынша өткізілді.

Университет ұжымын лайықты марапатымен құттықтаймыз!