ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Е. А. Бөкетов атындағы университетінің түлегі Ж. Н. Сағынова Қазақстан Республикасының Словакиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Сағынова Жанна Ниязбековна 1971 жылы 6 қазанда Бішкек қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетін (1993) және Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2002) экономист және заңгер мамандықтары бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүйесіндегі еңбек жолын 1993 жылдың қыркүйегінде БҰҰ және мамандандырылған ұйымдар бөлімінің референті лауазымынан бастады. 2003 жылдың наурыз айына дейін СІМ Орталық аппаратында және Қазақстан Республикасының Венгриядағы Елшілігінде референттен кеңесшіге дейін түрлі лауазымдарды атқарып, кейін Қазақстан Республикасы Парламенті жүйесінде жұмыс жасады. Қазақстанның Словакиядағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының Халықаралық ынтымақтастық және хаттама бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. II сыныпты Төтенше және Өкілетті елшінің дипломатиялық дәрежесі бар.