2024 жылғы 24 мамырда Мәскеуде Ресей мемлекеттік кітапханасының базасында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері институтының Орталық Азия және Кавказ елдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Жібек жолындағы мәдениетаралық коммуникациялар: тарихы және қазіргі жағдайы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияға Еуразияның әртүрлі аймақтарынан, соның ішінде Ұлы Жібек жолы өткен қалалардан 100-ге жуық зерттеушілер қатысты.
Конференция жұмысына Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ғалымдары – т.ғ.д., археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының профессоры Зәуреш Ғалымжанқызы Сақтағанова және т.ғ.к., бүкіләлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасының қауымдастырылған профессоры Бибігүл Аралбайқызы Досова қатысты.
З.Г. Сақтағанованың «1940-1980 жылдардағы Орталық Қазақстандағы конфессиялар» атты баяндамасында 1940-1980 жылдардағы діни саясат кезеңдеріне талдау жасалды. Автор соғыстан кейінгі онжылдықтардағы Кеңес мемлекетінің діни саясатының заңнамалық базасына, дінге қарсы күрестің нысандары мен әдістеріне назар аударды. Кеңестік дінге қарсы күрес тарихының белгілі бір кезеңдерінде жанданғанына қарамастан, Орталық Қазақстан өңіріндегі дінге сенушілер мен жанашырлардың үлесі айтарлықтай болды деген қорытындыға келді.
Б.А. Досованың «Қытайдың «жұмсақ күшінің» элементі ретінде жаңа Жібек жолы» тақырыбындағы баяндамасында 2013 жылдың қыркүйегі «Бір белдеу-бір жол» ұранымен аттас трансевразиялық сауда – инфрақұрылымдық жоба түрінде ежелгі дәуірдің бірегей экономикалық тәжірибесін жандандырудың бастамасы ретінде белгіленді. Автор жаңа Жібек жолы Қытайдың «жұмсақ күш» стратегиясының маңызды құрамдас бөлігі деп санайды. Қытайдың «жұмсақ күшін» жүзеге асырудың бір түрі Жаңа Жібек жолының мәдени-гуманитарлық бағыты болды. Б.А. Досова Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университетінің Қытай университеттерімен ынтымақтастығы мысалында осы елде білім алу үшін Қазақстандық студент жастары арасында Қытайдың тартымдылығының артқанын көрсетті. Атап айтқанда, мысал ретінде 2024 жылдың ақпанынан бастап Аньшань педагогикалық университетінде академиялық ұтқырлық аясында жүрген өзінің кураторлық тобының студенті Н. Төлегенов және 2024 жылдың мамырында Шэньян педагогикалық университетінде 3 апталық ғылыми тағылымдамадан өткен университеттің жас ғалымдар тобы туралы айтылды.
Жалпы, баяндамашы Қытай экономиканың дамуымен қатар Аспан асты елінен тыс жерлерде қытай мәдениетін насихаттауға бағытталған «жұмсақ күшті» қолдануға көп көңіл бөлетіндігін атап өтті.