Қарағанды Бөкетов университетінің физика-техникалық факультетінің радиофизика және электроника кафедрасының меңгерушісі, PhD философия докторы, қауымдастырылған профессор Гүлнұр Алпысова Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Радиациялық синтез әдісімен алынған моновольфраматтар базасындағы жаңа сцинтилляциялық орта» жобасымен жұмыс жасауда.
Оның айтуынша, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы ғылыми зерттеулерді жалғастыруға үлкен мүмкіндіктер ашады және тамаша қаржылық қолдау болып табылады.
«Бұл ғылыми жоба менің докторлық диссертациямның жалғасы. Зерттеу шеңберінде радиациялық синтездің көмегімен керамикалық үлгілерді аламыз, содан кейін оның оптикалық және спектрлік сипаттамаларын зерттейміз, люминесценция, қозу, ыдырау кинетикасының спектрлерін өлшейміз, беткей морфологиясын зерттейміз. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін факультетімізде барлық қажетті құрал-жабдықтар бар», – дейді Гүлнұр Алпысова.
Бұл зерттеулер Бөкетов университетінің физика-техникалық факультетінің зертханаларында студенттермен және магистранттармен бірлесе жүргізіледі. Зерттеу нәтижелері бойынша журналдарда мақалалар жарияланады. Гүлнұр Алпысованың осы тақырып бойынша рейтингісі жоғары журналдарда мақалалары жарық көрген, мысалы, 2023 жылы 2 мақала жарияланды, оның бірі шолу мақаласы және Q2 квартильді журналда шетелдік ғалымдармен бірлесіп жазған мақаласы бар.
Зерттеу жалғасуда.