ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

1 курс психолог-студенттерінің оқу тәжірибесі

2022 жылдың 28 мамырында академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің, 6В03106 – «Психология» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерінің үш апталық оқу тәжірибесі аяқталды. Тәжірибенің мақсаты болашақ психологтарды практикалық психологтардың негізгі қызмет салаларымен және жұмыс бағыттарымен таныстыру болды. Пс-14 тобының студенттері аға оқытушы Е.А.Лазареваның жетекшілігімен психологтармен онлайн кездесті, сондай-ақ келесі ұйымдарға барды:

Күні

Тәжірибе орны

Психологтар

Жетекшілері

11.05.2022

«Панацея» көпсалалы медициналық орталығы

Расулова Н.В.

Жетекші

Расулова Н.В.

13.05.2022

Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі

Едембаева Г.

Директор

Ахмадишин И.М.

13.05.2022

Е.А.Бөкетов атындағы университетінің білім беру қызметін психологиялық қолдау орталығы

Женис А.К.

Психология кафедрасының меңгерушісі

Сабирова Р.Ш.;

Жетекші

Капашева Г.А.

18.05.2022

«№81 жалпы білім беретін мектеп» КММ

Струнина Е.А.  Кожемякина Н. В.

Директор

Токанова Т.Б., директор орынбасары Садвакасова В.К.

19.05.2022

«Көп балалы аналар одағы» ҚБ Talbezyk

Кенесбекова С.А.

Жетекші

Кожахметова Л.Т.

23.05.2022

«Шанс» кәмелетке толмаған адамдарды әлеуметтік-психологиялық және құқықтық қолдау орталығы

Казиева Д.Н., Васильева Ю.Р.

Жетекші

Рыль А.И.

24.05.2022

«Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ

Козинкина Ю.В.

Қарағанды облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ бастығының м. а. полковник С.Е. Жақыпбеков;

экскурсовод, өрт сөндіру күзетінің ардагері

Гусейнова С.Н.

 

Ұйымдардың психолог мамандары өздерінің бай тәжірибелерімен бөлісті, жұмысының негізгі бағыттары туралы, практикалық қызметте қолданылатын әртүрлі әдістер туралы айтты.

Студенттер түрлі салалардағы жұмыс ерекшеліктері туралы өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, тренингке қатысты, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мұражайына барды.

Кездесулер нәтижелі және қызықты өтті, бірінші курс студенттері пайдалы білім алып, кәсіби мамандардың қандай ынтамен және энтузиазммен жұмыс атқаратынын көрді.

Психология кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері ұйым басшылары мен психологтарына жемісті ынтымақтастық үшін алғыс білдіреді!