ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Философия және Дінтану Білім беру бағдарламаларының бірінші курс студенттерінің оқу практикасы

Оқу іс-тәжірибесі шеңберінде философия және мәдениет теориясы кафедрасының аға оқытушысы Г.Т.Дауренбекованың ұйымдастыруымен 2022 жылдың «24» мамырында философия және психология факультетінің 6В02201 – «Философия» және 6В02202 – «Дінтану» білім беру бағдарламаларының бірінші курс студенттері Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық үйіне» барды.

Экскурсия барысында студенттер «Достық үйінің» ғимараты арнайы қоғамдық-саяси, мәдени-ағарту іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу үшін пайдалануға 2015 жылы берілгенін білді. Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық үйінде» этномәдени бірлестіктер, жастар бірлестіктері, жексенбілік мектептер орналасқан.

Экскурсия барысында студенттер «Достық үйінің» мұражайына барып, Қарағанды облысының аумағында тұратын этностардың өмірі мен тұрмысының ерекшелігін көрсететін экспонаттармен танысты. Кітапхана қорымен танысты.

Студенттер мазмұнды іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.