ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Шетел тілдік білім беруді дамытудың перспективалары мен жаңа тенденциялары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Шетел тілдер факультеті Сіздерді 2023 жылдың 29-30 қарашасында «Шетел тілдік білім беруді дамытудың перспективалары мен жаңа тенденциялары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

Конференцияға жоғары оқу орындары мен жалпы білім беру мекемелерінің оқытушылары мен қызметкерлері, докторанттар, магистранттар, жоғары оқу орындарының студенттері шақырылады. Конференция материалдары бойынша ғылыми еңбектердің электрондық жинағы шығарылатын болады.

Конференцияда келесі бағыттар бойынша секциялар жұмысы жоспарлануда:

Секция 1. Аударманың интерпретациялық платформасы және мәдениетаралық коммуникация.

Секция 2. Лингвистика мен шетелдік филологияның теориялық және қолданбалы аспектілері.

Секция 3. Шетел тілдерін оқытудағы цифрлық технологиялар мен инновациялар.

Секция 4. Шетел тілдерін оқытуды ұйымдастырудың лингводидактикасы мен әдістемесінің өзекті мәселелері.

Конференцияға қатысуға өтінімдер мен жариялауға арналған материалдар zhorabekova@inbox.ru немесе emiszhan@mail.ru электрондық пошталары арқылы 2023 жылғы 18 қарашадан кешіктірмей қабылданады.

Шетел тілдері факультеті өткізетін конференциялар туралы ақпаратты факультет сайтынан таба аласыз https://www.buketov.edu.kz/

Word жүктеу