ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Ұлы дала ойындары — 2024» атты робототехникадан бірінші турнир өтті

Бөкетов университетінің математика және ақпараттық технологиялар факультетінде Қарағанды қаласының білім Басқармасымен бірлесіп, «Ұлы дала ойындары — 2024» атты робототехникадан бірінші турнир өтті. Мектеп оқушылары «Асық ату», «Қыз қуу», «Арқан тарту», «Көкпар», «Теңге алу», «Садақ ату» спорт түрлерінен сынға түсті. Аталмыш турнирдің демеушісі RadioMart.kz. — робототехника және радио бөлшектер интернет-дүкені. Жарысқа Қарағанды қаласы мен облысының білім беру ұйымдарынан жас санаты бойынша (9-11 жас, 11-14 жас, 14-17 жас) жалпы 67 команда қатысты. Әр спорт түрі бойынша I, II және III орындардың жеңімпаздары анықталды. Жалпыкомандалық есепте І орынды М. Жұмабаев атындағы гимназия иеленді. Жүлдегерлерге RadioMart.kz. интернет-дүкенінің сертификаттары табысталды.