12 қазанда шетел тілдер факультетінде бейресми білім беру аясында профессор доктор Раб Наваз Лодхи (Орталық Пенджаб университеті, Пәкістан) «Qualitative research design» тақырыбында тренинг ұйымдастырды, Scopus базасында Хирш индексі 10. Тренингке докторанттар, магистранттар, факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Тренинг аясындағы сұрақтар үлкен қызығушылық тудырды, тренингке қатысушылар пікір алмасып, білімін толықтырды. Доктор Раб Навазға алғысымызды білдіреміз және ғылыми ынтымақтастықты одан әрі кеңейте түсеміз деп үміттенеміз. Тренинг АР19678268 «Формальды және бейресми жоғары білімнің жақындасуы жағдайында кәсіби шет тілін оқытуды жүзеге асырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.