2022 жылғы 29 желтоқсанда экономика ғылымдарының докторы, профессор Татьяна Петровна Притворованың 60 жылдығына арналған экономика және халықаралық бизнес кафедрасының салтанатты кеңейтілген отырысы өтті.
Притворова Татьяна Петровна үлкен еңбек жолынан өтіп, оның барлық кезеңдерінде өзін университеттің ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыруға елеулі үлес қосқан сауатты маман, жауапты және беделді академиялық қызметкер ретінде көрсетті.
Профессор Притворова Т.П. әрдайым педагогикалық, қоғамдық жұмыстарды ауқымды ғылыми зерттеулермен сәтті үйлестіреді. Жас экономистердің бірнеше буыны профессордың ғылыми көзқарастарының әсерінен қалыптасып, Татьяна Петровнаның шәкірттері еліміздің барлық аймақтарында, жақын және алыс шет елдерде жемісті жұмыс істеуде. Татьяна Петровнаның жетекшілігімен ғылыми-педагогикалық жолға түскендердің көпшілігі бүгін біздің университетте табысты жұмыс істеуді жалғастыруда.
2022 жылғы 30 желтоқсанда Ғылыми кеңестің отырысында Притворова Татьяна Петровнаның университет алдындағы еңбегі Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің алғыс хатымен бағаланды.
Университет пен экономика факультетінің басшылығы профессор Татьяна Петровнаны мерейтойымен құттықтай отырып, Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір, амандық және кәсіби қызметіңізде одан әрі табыс тілейді!