Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Бөкетов университетінің басшылығы жоғары оқу орнында ғылым мен білімнің дамуына зор үлес қосып, абыройлы қызмет етіп жүрген аналар қауымын төл мейрамдарымен құттықтады. Басқарма Төрағасы – ректор Нұрлан Дулатбеков әйелдер қауымына жылы лебіз білдіріп, ізгі тілегін арнады. Гүл жайнаған дастарқан басында ақжарма ақ тілектер айтылып, жүрек қылын шертетін әсем әндер шырқалды. Университет басшысы қазіргі таңдағы ауқымды жастар қозғалысының бірі – «Жайдарман» ойындарына қатысып, ұтымды әзілдерімен көрермен жүрегін жаулап, сахнадан жарқырап көрініп жүрген «Амазонка» командасының қыздарына, бүгінгі жүздесуде өнер көрсеткен «Сарын» фольклорлық ансамблінің аруларына гүл шоқтарын табыс етті.