Сарыарқа археологиялық институтының мамандары Нұраталды-І (Шет ауданы) және Ащысу (Бұқар жырау ауданы) қорымдарынан екі бірегей металл ыдыс тапты.Біздің дәуірімізге дейінгі II мыңжылдықтың басындағы ыдыстар (б.з.д. XIX-XVIII ғғ.) металл өндірісіндегі сирек кездесетін құбылыстардың қатарына жатады. Барлық дерлік ыдыстар пішіні мен кей жағдайда өндіріс технологиясы бойынша қыш ыдыстарға ұқсас келетіндіктен, оларды жергілікті жерде өндіріп шығарған деуге әбден болады.Ыдыстар күрделі технологиялық процеске сәйкес таза тотыққан мыстан жасалған, бұл жағдайда ыдысқа ұқсас өзекше мен конус тәріздес балауыз үлгілерін пайдалана отырып, құю арқылы жасалатын бұйымның түбі болмайтын. Құюшылар кейіннен Т-тәріздес тас төстерді пайдалана отырып, ыстық соғу әдісімен ыдыс қырларын қалыптастыруға мүмкіндік беретін жабық қалыптарда балқытылған үлгілерді құюдың күрделі, бірегей технологияларын дамыта алды. Ыдыстың төменгі жағы мен түбі берік жалғануы үшін дәнекерлеу әдісі пайдаланылды. Орталық Қазақстандағы металлургиялық ошақтың дамуы ежелгі тайпалардың өндірістік және қоғамдық өмірінің барлық нысандарының жетілуіне сөзсіз әсер етті. Бұл әсіресе қола дәуірінің кейінгі кезеңдерінде, Сарыарқа орталығы Батыс Сібір, Орал, Шығыс Еуропа, Орталық Азияның солтүстігіндегі іргелес аумақтарға металдың (мыс пен қалайы) негізгі жеткізушісі болған кезде айқын көрінді.