ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

БӨКЕТОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ «ҚАРАҒАНДЫ АРУЫ – 2023» АТАҒЫНА ИЕ БОЛДЫ

Қарағанды Бөкетов университеті экономика факультетінің 4 курс студенті, менеджмент саласының болашақ маманы Аида Оспанова «Қарағанды аруы – 2023» атағына ие болды. Аиданың айтуынша, бұл жеңіске әсер еткен оның бойындағы өр мінезі мен адалдық қасиеттері. Қазіргі уақытта Аиданың бизнес және менеджмент саласында тәжірибесі бар. Аида Оспанова бала кезінен әртүрлі спорт түрлерімен айналысады: гимнастика, жүзу, бокс, волейбол және би. Ол үнемі фитнес-залға барады, сонымен қатар көп оқиды. «Қарағанды аруы» атағын алу маған жас қыздарға үнемі өзін дамытуға, өзімен жұмыс істеудің және алға қойған мақсаттарға ұмтылудың қаншалықты маңызды екенін жеткізуге мүмкіндік береді. Мен үшін жобаға қатысу одан әрі дамуға үлкен серпін. Әр мүмкіндікті пайдаланыңыз, өйткені кейбір жағдайлар өмірде бір рет болады», — дейді Аида Оспанова.