Қарағанды Бөкетов университеті педагогика факультетінің СП-22-2 тобының студенттері түсірген "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!" бейнеролигі Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға арналған. Бұл бейнероликтен болашақ педагогтардың жоғары білімі бар екенін растайтын құжатты заңсыз иемденгенін және бұл әрекеттері олардың кейінгі жұмысына кері әсерін тигізгенін көруге болады. Ролик қазіргі және болашақ студенттерді оқу қызметіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Жеңіл жолды таңдамай, білімге адал, саналы түрде қол жеткізу керек!