Варшава қаласында грэпплингтен өткен әлем чемпионатында Қарағанды Бөкетов университетінің 3 курс студенттері — Жанұзақ Айтбаев пен Александр Ивашкин Әлем чемпионы, Мейірбек Есказыев күміс жүлдегер атанып, жеңіс тұғырына көтерілді. Әлемнің 31 елінен 804 спортшы қатысқан чемпионатта топ жарып, ел мерейін асқақтатқан спортшыларымызды мақтан тұтамыз!