ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

БӨКЕТОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ МЕН ОҚЫТУШЫЛАРЫ ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 90 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Қарағанды Бөкетов университетінің педагогикалық факультетінде Қарағанды қаласының 90 жылдығына арналған іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – Қарағанды қаласының мерейтойы аясында студенттер мен ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың бойына туған өлкенің тарихы мен болашағына деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін, қоғамдағы белсенділігі мен жауапкершілігін қалыптастыру.

Концерттің салтанатты ашылуында Қарағанды Бөкетов университетінің педагогика факультетінің деканы, п.ғ.д., профессор Салтанат Муликова, арнайы және инклюзивті білім беру кафедрасының меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор Айнагүл Рымханова және әлеуметтік серіктес Қарағанды обылысы білім басқармасының "№2 арнайы мектеп-интернаты" КММ директоры Эльмира Амандыкова құттықтау сөз сөйледі.

Концерттік бағдарламаның жоғары деңгейде өтуіне атсалысып, аталмыш іс-шараға "№2 арнайы мектеп-интернатының" оқушыларын дайындаған педагогика факультетінің «Мейірім» еріктілер тобына, сонымен қатар құрметті қонақтарымыз: «Қуаныш» би ансамбліне, Қали Байжанов атындағы Қарағанды облыстық концерттік бірлестігінің республикалық, халықаралық байқауының лауреаттары, «Мерей» тобының әншілері Ербол Алшынбаев, Қуат Дюсенов, Медеу Шилмановқа және жас ұрпақты елінің патриоты болуға тәрбиелеуде өз үлесін қосып жүрген әнші-сазгер Марат Бекишевке алғысымызды білдіреміз!