ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

БӨКЕТОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФИЗХИМИК-2024 ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСТЫ.

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің химия факультетінің 3-4 курс студенттерінің командасы х. ғ. к., физикалық және аналитикалық химия кафедрасының профессоры Курманова Альфия Фаридовнаның жетекшілігімен 27-29 ақпан аралығында Қазақстан Республикасының және шет елдердің жоғары оқу орындарының студенттері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 90 жылдығын тойлау аясында профессор Оспанов Х.К. атындағы «Физхимик – 2024» халықаралық пәндік олимпиадасына қатысты.

Олимпиадаға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің, сондай-ақ Ишеналы Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің (КМУ, Бішкек қ.) студенттері қатысты.

Олимпиаданың ашылуында химия және химиялық технология факультетінің деканы, х. ғ. к., қауымдастырылған профессор Галеева А. К., физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының меңгерушісі, х. ғ. д., профессор Аубакиров Е. А., физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының доценті Тусупбекова А. С. және олимпиаданың демеушілерінің бірі – жаратылыстану ғылымдарының магистрі Казакбаев С.Т., «ALEMTRADE» ЖШС директоры сөз сөйледі.

Олимпиада 2 кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде 30 тест сұрақтары қамтылды, оларға 30 минут ішінде жауап беру керек болды; екінші кезеңде 3 есептік тапсырмаларды қамтыды, олардың орындауына 180 минут бөлінді.

Екі турдың қорытындысы бойынша университетіміздің студенттері жүлделі орындарға ие болып, демеушілердің ақшалай сертификаттарын ұтып алды:

- 2 орын - ФХ-42 тобының студенті - Полякова В.;

- 3 орын – Хе-42 тобының студенті – Бахытжанова Ж.;

- 3 орын - ФХ-32 тобының студенті - Фишер Т.

Қатысу сертификаттары мен бағалы сыйлықтар мына студенттерге тапсырылды: Онаева Зарина (ТФП-30р-21 топ), Инабат Жайсанбаева (Хе-31к-21 топ), Жаңбырбаева Дариға (Хе-31к-21 топ).