ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

БӨКЕТОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ЕЖЕЛГІ КЕРАМИКА ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ТАНЫСТЫ

«Көрісу күні» мерекесі күні САИ археология және этнография музейінде педагогика факультетінің «Бейнелеу өнері» (Изо-23-1 (к); Изо 23-2 (р) топтары) мамандығының 1 курс студенттері үшін «Ежелгі қыш ыдыс жасау технологиясы» тақырыбында келесі танымдық бөлімдермен практикалық сабақ өткізілді:

1. Ежелгі қыш ыдыстар: типологиясы, жіктелуі, ою-өрнегінің бейнеленуі (т.ғ.к. М.В. Бедельбаева);

2. Ежелгі және ортағасырларда қыш ыдыстарды жасау әдістері (т.ғ.к. В.Г. Ломан);

3. Қыш жасау өнері: дәстүрлері және заманауи тәсілдері (қыш шебері Д. Морозов);

4. «Кеңдала» жобасының аясында «Қазақи қыш жасау ерекшеліктері» атты деректі фильмі көрсетілді.

Сабақ барысында студенттер интерактивті жаттығуларға қатысты – студенттер ою-өрнектің эскиздерін салды, қолмен мүсінделген және білдекте жасалған қышты анықтады, басқа жәдігерлерден қыштың сынықтарын бөліп алды.

Музей бойынша тақырыптық экскурсия жасау, қор қоймасымен танысу, беғазы-дәндібай мәдениетінің қыш ыдыстарға салынған ою-өрнектерінен алынған әсер, сонымен қатар заманауи шебердің қыш ыдыс бұйымдарымен танысып, шабыт алуы – осының бәрі студенттерді ежелгі шығармашылық әлемінің тұңғиығына батырды! Баршаңызды «Көрісу күні» мерекесімен құттықтаймыз!