Қарағанды Бөкетов университетінде өзін-өзі басқару күнін қорытындылады. Ректор, проректорлар, декандар мен олардың орынбасарлары, кафедра меңгерушілері қызметтерін уақытша атқарған студенттер өткен күннен алған әсерлерімен бөлісті. Олардың айтуынша, бұл ұмытылмас әсер қалдырған және университет өміріне басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік берген ерекше тәжірибе болды. «Барлығымыз үшін бұл жақсы тәжірибе болды. Бүгіннен бастап біз ұстаздарымызды бұрынғыдан да жақсы көріп, олардың еңбегін бағалай бастаймыз деп ойлаймын», - деді шет тілдер факультетінің студенті Қимаш Ескендір. Есеп беру кездесуінде «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» бейнероликтер байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. Шара соңында әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы М.У. Тұяқов өзін-өзі басқару күніне белсенді қатысқан студенттерге алғысын білдіріп, алдағы уақытта шығармашылық табыс тіледі.