Студенттер қалашығындағы қаз қатар тізілген төрт Студенттер үйінің қатарынан бой көтеретін кешеннің құрылысы басталып кетті.
Жауапты мердігер компания – «Оливия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қазір компания құрылыс-монтаж жұмыстарын бастады, іргетасын құятын шұңқыр қазылып жатыр. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Тоғыз қабатты, 202 бөлмелі студенттер баспанасы хостелдік типте салынып, заманауи талаптарға сай жабдықталады. Жоба бойынша бөлмелерге заманауи жиһаздар қойылады. Жертөледе теннис үстелдері, шахмат, дойбы ойнайтын үстелдер орнатылады.
Студенттердің баспанасында білім алушыларға қажетті дүниелердің барлығы ескеріледі. Мүмкіндігі шектеулі студенттерге арнайы бөлмелер қарастырылған.
Т«Оливия» құрылыс ұйымының бас инженері Игорь Юнның айтуынша, мердігер компания бұған дейін де ерекше үлгідегі тоғыз қабатты, 400 орынға лайықталған жатақхананың құрылысын жүргізіп, пайдалануға берген. «Біз бұл жобаны сәтімен уақытында аяқтауға бар күшімізді саламыз. Құрылыстың бірінші кезеңіне 15-20 адамнан тұратын бригаданы жұмылдырдық» -- дейді.
Сондай-ақ құрылысшылар университет аумағында футбол, баскетбол және теннис корттарын орнатпақ. Уақыт өте келе университет студенттері заманауи кампуста тұрып, білім алады.