Фэнтези және шытырман оқиғалы жанрдың жанкүйерлері, КА-32-21 тобының студенттері демалыс күндері Сара Арқаның кинотеатрында болып, ұстаздары Спенсер Харрисонды «Мадам Веб» (Madame Web) фильміне шақырды. Кинотеатрға барудың мақсаты – сүйікті жанрдағы фильмді көру, сондай-ақ бейформалды жағдайда оқытушымен ағылшын тілінде тілдесу болды. Аздап фильм туралы. Madame Веб — Marvel Comics комикстерінің Madame Web негізіндегі американдық суперқаһарман фильмі. Манхэттендік медбике Кассандра Уэбб кенеттен болашақты көру қабілеті барын сезеді және болашақ өмірді өзгерту үшін осы күшін пайдалана алатынын түсінеді. Өткен өмірінің құпияларымен бетпе-бет келген Кассандра алдағы уақытта керемет күшке ие болатын үш қызды кездестіреді, алайда, бүгінгі өмірі олардың құпия. Фильм жанкүйерлердің жүрегін жаулап алды. Жанкүйер студенттердің айтуынша, фильм әсерлі және қызықты болды.