ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Мұғалімдерді қолдаудың бірлескен бағдарламалары

Қосымша білім беру факультеті 2024 жылдың 28 қазаны мен 9 қарашасы аралығында Қарағанды облысының дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған бейімделген дене шынықтыру бойынша біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды. 72 сағаттық курсты академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің дене шынықтыру және спорт факультетінің оқытушылары Тультаева Маржанқұл Тоғамбайқызы, Киспаев Тоқтар Атамбайұлы және Дүйсебаев Болат Тұрсынұлы жүргізді. Қарағанды облысының Білім басқармасының басшысы Жүнісова Гүлбақыт Серікжанқызының академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлына жазған Алғыс хатында бұл курс ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға қосылған құнды үлес екені атап өтілген. Білім басқармасы оқытушылардың жоғары дайындығын, мазмұнды дәрістерін, сондай-ақ бейімделген дене шынықтыру саласындағы заманауи әдістемелер мен тәсілдермен танысу мүмкіндігін берген практикалық сабақтардың жоғары деңгейін ерекше атап өтеді. Алғыс хатта Жүнісова Г.С. қосымша білім беру факультетінің деканы Мұқанова Саулеш Дімкешқызына Білім басқармасы мен университеттің мұғалімдерді қолдау және оқыту сапасын жақсартуға бағытталған бірлескен бағдарламаларды дамытудағы жемісті ынтымақтастығын жалғастыруға деген үмітін білдіреді.