ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ЕКІ ТАРАПТЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетіне екі күндік сапармен Кастамону университетінің (Түркия) делегациясы келді. Ректор, PhD докторы профессор Ахмед Хамди Топал басқарған түрік делегациясының құрамында сондай-ақ халықаралық қатынастар үйлестірушісі Мустафа Озтюрк Акчаоглу мен профессор Боллук Мехмет Түрік болды. Сапар бағдарламасы аясында Басқарма Төрағасы - Ректор міндетін атқарушы Е.М.Тажбаевпен ресми кездесу өтті. Одан әрі бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша меморандумдар мен келісімдерге қол қою рәсімі өткізілді. -шара барысында Түрік делегациясы Сарыарқа археологиялық мұражайы мен физика-техникалық факультетінің зертханаларына, сондай-ақ Карлаг мұражайына барды. Екінші күні Кастамону университетінің өкілдері шет тілдер факультетінде кездесу өткізіп, онда профессор Мустафа Озтюрк Акчаоглу қонақ дәрісін оқыды. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті 2022 жылдан бастап Кастамону университетімен белсенді әріптестікте жұмыс істеп келеді. Мұндай ынтымақтастыққа екі жыл бұрынғы жасалған келісім аясында қол жеткізілді. Осы уақыт ішінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша семестр ішінде Түркияға 66 студент оқуға кетті. Сондай-ақ, Эразмус + бағдарламасы бойынша 2024 жылғы 13-18 мамыр аралығында Қазақстан тарихы және ҚХА кафедрасының аға оқытушысы Г.К. Уалиева Кастамону университетіне барып, қонақ дәрістерін оқитын болады. Кастамону университеті 28000 студент білім алатын Түркияның жетекші өңірлік университеттерінің бірі. Бүгінгі таңда университет QS аймақтық рейтингі санатында Еуропаның 690 университеті арасында 601+ тобына кірді және "Өңірлік Батыс Азия елдері" санатында 91 университет арасында 58-ші орынды иеленді. Сапардың қорытынды бөлігінде тараптар одан әрі ғылыми коллоборация мен студенттер арасындағы академиялық ұтқырлық бойынша басым бағыттарды белгіледі.