KBU қосымша білім беру факультеті ұйымдастырған Қарағанды Бөкетов университетінің күміс университетінде студенттерді оқытудың алғашқы қорытындысы белгілі болды.
Жоба жетекшісі Сәулеш Мұқанованың айтуынша, 2024 жылдың ақпан айынан бастап 80-ге жуық тыңдаушыны қамтитын 5 курс қосылды, бұл алдағы жоспарлардан едәуір асып түсті.
"Біздің ойымызша, бұл өңіріміздегі жасы егде тартқан адамдардың оқу бағдарламасына деген қызығушылығын көрсетеді", - дейді.
Жалпы, курстың тыңдаушылары құнды өмірлік тәжірибеге ие бола отырып, өздерінің танымдық және әлеуметтік белсенділіктерін де жоғалтпаған. Олар университетке біліктілігін арттырып, жаңа дағдыларды игеру мақсатында келеді.
1 семестр курстарын ұйымдастыруға факультет декандары, атап айтсақ: шетел тілдер факультетінен Гүлназ Тілеужанова, заң факультетінен Абзал Серікбаев, филология факультетінен Елдос Түйте, математика және ақпараттық технологиялар факультетінен Әлібек Танин, сондай-ақ серіктес – "Персона" спорт клубы өз үлесін қосты.
Семинар қатысушыларына 2024 жылдың 2 семестріне іріктеу басталғаны туралы мәлімденді.