Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Sustainable Development Solutions Network (Орнықты даму саласындағы шешімдер желісі) қызметіне кіруіне байланысты семинар-презентация
ҒЫЛЫМ ЖОЛЫНДА АЛҒА ӨРЛЕП КЕЛЕ ЖАТҚАН ОҚУ ОРДАМЫЗ БӨКЕТОВ УНИВЕРСИТЕТІ SUSTAINABLE DEVELOPMENT SOLUTIONS NETWORK (ОРНЫҚТЫ ДАМУ САЛАСЫНДАҒЫ ШЕШІМДЕР ЖЕЛІСІ) ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕСІ АТАНДЫ.
💠 Қуанышты жаңалыққа орай бүгін университет қабырғасында Назарбаев Университеті президенті Катсу Шиего бастаған делегация өкілдерінің қатысуымен семинар-презентация өтті. Назарбаев Университетінің қауымдастырылған профессоры Серік Оразғалиев SDSN туралы презентация жасады. Бөкетов университетінің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Еркебұлан Тажбаев «Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған SDSN мүмкіндіктері» тақырыбында, Айдар Айтқұлов «Биология-география факультетінің экология саласындағы зерттеулерінің негізгі бағыттары» тақырыбында, Айнагүл Рымханова «ТДМ 4: сапалы білім инклюзивті білім беруді іске асыру нәтижесі ретінде» тақырыбында, Жәнібек Жартай «Тұрақты даму саласындағы BUKETOV UNIVERSITY стартап-жобасы» тақырыбында баяндама жасады.
💠 Семинар соңында ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған Бөкетов университетінің ішкі гранттар байқауының жеңімпаздары марапатталды. М. К. Смағұловтың жетекшілігімен «Комплексная разработка экспериментальных моделей гидропонных систем различного типа, с целью выращивания сельскохозяйственных культур и инновационного озеленения внутреннего общественного пространства университетского кампуса» жобасы, А. Р. Рымханованың жетекшілігімен «Формирование медицинской и юридической грамотности обучающихся вузов, как фактор повышения качества человеческого ресурса страны (на примере Ресурсного центра инклюзивного и специального образования)» жобасы, Н. И. Бөкетованың жетекшілігімен «Личность Е. А. Букетова в истории бренда – Karaganda Buketov University» жобасы, Д. Т. Садырбековтың жетекшілігімен «Метод классификации растительного сырья сочетанием ВЭЖХ, ГХ и АЭС» жобасы, Н. В. Мирзаның жетекшілігімен «Разработка цифровых образовательных ресурсов на основе создания лаборатории раннего развития как образовательного Huba» жобасы, Т. А. Коханердің жетекшілігімен «Виртуальные технологии в интернационализации Карагандинского университета им. академика Е. А. Букетова» жобасы, Ж. Ж. Жарылғаповтың жетекшілігімен «Ұлт тарихындағы Ағыбай батырдың тарихи және әдеби тұлғасы» жобасы, Л.Қ. Шотбакованың жетекшілігімен «История становления и развития системы образования Каркаралинского региона в лицах и судьбах (конец XIX-XX вв.)» жобасы, Э. Р. Усманованың жетекшілігімен «Военное дело Улуса Джучи на исторической территории Улытау в XIII-XIV веках (по материалам мемориально-ритуального комплекса Карасуыр)» жобасы, Г. А. Жумасултанованың жетекшілігімен «Этноконфессиональная идентичность студенческой молодежи: проблемы, перспективы (на примере студенчества Карагандинского университета имени Е. А. Букетова)» жобасы, А. А. Инджиголянның жетекшілігімен «Корпоративная культура современного университета и ее влияние на повышение имиджа, кадрового потенциала сотрудников и интеграции обучающихся в образовательную среду (на примере Карагандинского университета им. Е. А. Букетова)» жобасы қаржыландырылды.
💠 Семинар қадірлі қонақтарымыздың Сарыарқа археология және этнография мұражайы мен физика-техникалық факультетінің зерттеу лабораторияларын аралауымен аяқталды.
👍 ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ҚАРА ШАҢЫРАҒЫМЫЗБЕН БІРГЕ БИІК БЕЛЕСТЕРДІ БАҒЫНДЫРА БЕРЕЙІК! 👏👏👏