2024 жылғы 13 маусымда сағат 16:00-де бас ғимараттың 1-дәрісханасында жас ғалымдар мен докторанттарға арналған халықаралық мәліметтер базасымен жұмыс істеу бойынша «Ғылыми жарияланымдар принциптері, журналдардың ғылымиметриялық көрсеткіштерін индекстеу саны» («Basics of Research Publication, Journal Metrix and Indexing») атты семинар-лекциясы өткізіледі. Семинарды Үндістаннан шақырылған дәріскерлер жүргізеді:
- Шайлендр С. Гурав (Shailendra S. Gurav), IH Scopus=19, Фармакогнозия және фитохимия кафедрасының профессоры, Фармация колледжі, Гоа, Үндістан;
- Ритеш П. Бхоле (Ritesh P. Bhole), IH Scopus=13, доктор Д.Ю. Патила атындағы Фармацевтикалық ғылымдар және зерттеулер институтының профессоры, Пимпри, Пуна, Үндістан.
Барлық қатысам деушілер шақырылады.