ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ҚҰПИЯСЫ МИРАС ЖИЕНБАЕВПЕН

Бөкетов университетінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының еуропалық және американдық зерттеулер бөлімінің жетекші сарапшысы Мирас Жиенбаев және оқу орнының профессор-оқытушы құрамының қатысуымен брифинг өтті.

Жас оқытушының қызметтік тізімі орасан зор: 2018 және 2019 жылдары ол "Best Scopus Journey" Elsevier Kazakhstan номинациясы бойынша Scopus Awards Kazakhstan арнайы сыйлығымен марапатталды, сонымен қатар, Мирас Young Researchers Alliance-тің ең жас мүшесі атанып, 2019 жылы Қазақстандағы ғылымды реформалау бойынша үздік ұсыныс авторы ретінде Альянс сыйлығымен марапатталды.

Мирас Жиенбаев академиялық экономистердің қатарына кіреді (h-index Scopus = 3, H-Googleex Google Scholar = 5), экономика және сыртқы саясат бойынша жетекші сараптамалық-талдау және академиялық басылымдардың авторы.

2023 жылы ҚСЗИ Халықаралық қатынастар теориясы бойынша ең ірі академиялық басылымдардың бірі "Widening the Scope: How Middle powers are Changing liberal Intuitionalism" монографиясын жариялады. Бұл монографияның алғы сөзін Nazarbayev University негізін қалаушы Шигео Катсу жазды. Кітап 25-тен астам елдің сыртқы саясат, экономика, мемлекеттік басқару саласындағы ірі зиялылары, дипломаттары мен академиялық қоғамдастық өкілдері арасында (Астана, 2023 жылғы 13-14 шілде) таратылды.

Бұл монография Женевадағы БҰҰ кітапханасы мен мұрағаты жинағының бір бөлігі болды. Мирас Жиенбаевтың еңбегі - аталған жинақтың бір бөлігіне айналған ең жас автордың академиялық еңбегі деп танылды.

Брифинг барысында спикер ғылыми және рейтингтік басылымдардағы жарияланымдар, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлескен жобалар және т. б. туралы кеңестерін берді.