ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

"BIOHUMUS" ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ "МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - БИЗНЕСТЕ" НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Қарағандыда жыл сайынғы дәстүрлі облыс әкімінің "Тіл жанашыры" сыйлығы тапсырылды. "Мемлекеттік тіл – бизнесте" номинациясында BioHumus ғылыми-білім беру орталығының жетекшісі, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, PhD докторы Арайлым Серікбай жеңімпаз атанды. "BioHumus" ғылыми-білім беру орталығы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің биология-география факультетінің базасында 2022 жылдан бастап жұмыс істейді. Бұл орталықтың ашылуы Қарағанды қаласы әкімінің қолдауының, яғни 1,5 миллион теңгенің грантын иеленіп, жобаны жүзеге асырудың арқасында мүмкін болды. Бүгінгі таңда орталық экологиялық таза өнім өсірумен және жасыл тыңайтқыштар өндірумен айналысады. "Менің жобамның мақсаты — өскелең ұрпақты ғылыммен айналысуға, нутрициологияның негіздерін білуге ынталандыру және қазірден бастап барлық саладағы үрдістердің экологиялық тазалығы туралы ойлау", — дейді ғылыми орталықтың басшысы. Айта кету керек, Арайлым Серікбай "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының Қарағанды облысы бойынша Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі. Бүгінде ол өзінің 12 жылдық тәжірибесін жастармен қуана бөлісуде. Өзінің авторлық бағдарламасында бизнес ашуға берілетін мемлекеттік қолдау көздері туралы, гранттарды пайдалану мен кәсіпкерлік қызметпен қалай айналысу керектігі жайында ойымен бөліседі. Арайлым Серікбайқызы, сізді жеңісіңізбен құттықтаймыз! Ғылыми қызметте одан әрі жетістіктерге жете беріңіз!