2025 жылдың 10-11 мамыр күндері университетіміздің белсенді 50 студенті мен қызметкерлері «Рухани kz» танымдық жастар-ағартушылық жобасы аясында Қарқаралы ауданына жолға шықты. Іссапардың мақсаты – жастарға ұлттық тарихи-мәдени сананы қалыптастыру, көшбасшы жастарды қолдау және ынталандыру, студенттер арасында белсенділікті арттыру, елге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін ояту, сондай-ақ салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау.