Бүгін, 2022 жылдың 08 қарашасында, Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен жоғары оқу орындары басшыларының Quacquarelli Symonds басшысы, QS WUR рейтингінің негізін қалаушы Nunzio Quacquarelli мырзамен өткен салтанатты кездесуде Азия елдері жоғары оқу орындарының QS Asia 2023 рейтинг нәтижелері жарияланды. QS Asia – бұл Қазақстан университеттері үшін түбегейлі жаңа рейтинг, ол жыл сайын Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея, Қытай және т.б. сияқты Азия елдерінің 800-ден астам мықты университеттерінің рейтингін жасайды. Биыл алғаш рет QS Asia рейтингіне 41 қазақстандық университет қатысты. Karaganda Buketov University бұл рейтингте алдына тек Қазақстан Республикасының ұлттық университеттерін салдырып, 235-орынға ие болды, бұл университеттің бүкіл профессорлық-оқытушылық құрамының, қызметкерлері мен басшылығының бірлескен үлкен жұмысының нәтижесі. Ортақ жетістігіміз бен жеңісіміз, QS Asia 2023 рейтингісінде 235-ші орын алуымыз құтты болсын, құрметті әріптестер!