ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Кадрлардың резрев

«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ-та 2022 жылдан бастап басқарушы кадрлардың резреві қалыптастырылып келеді. Кадр резервін қалыптастырудың мақсаты университетті білім, ғылым және инновация саласындағы стратегиялық міндеттер мен мақсаттарды сапалы және уақтылы шешуге қабілеті зор білікті персоналмен қамтамасыз ету болып табылады. 2022 жылдың 1-5 желтоқсаны аралығында арнайы құрылған кадр комиссиясы университеттің кадр резервіне кандидаттарды іріктеу жүргізді. Іріктеу нәтижелері бойынша профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасынан 58 адам жедел және перспективалы кадр резервіне алынды. Басқарушы кадрлар резервін даярлаудың басты міндеті – басқарушы кадрлар резервіне енгізілген адамдардың бойында басшылық лауазымдарды ауыстыру үшін қажетті кәсіби білімді, іскерлікті және дағдыларды жетілдіру. Мәселен, 22-23 ақпанда жоғары білікті маман, шешендік өнер бойынша сертификатталған жаттықтырушы, ТМД спикерлер қауымдастығының мүшесі - Жанна Ибраеваны шақыра отырып, жобаға қатысушылар үшін «Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары. Тиімді коммуникациялар» атты ұйымдастырылып, өткізілді. Қазіргі заманда тиімді коммуникациялар әріптестермен ортақ тіл табысуға және өз білімдері мен қызметтерін кеңінен көрсетуге көмектеседі. Кез-келген аудиторияда нақты білім мен сөйлеу қабілеті біздің уақытымызды тиімді пайдаланып, қиын әрі қызыққа толы кезеңде өмір сүру сапасын жақсартуға септігін тигізеді. Семинар-тренинг барысында қатысушылар жеке презентациялар мен көпшілік алдында сөз сөйлеуді дайындаудың тиімді технологияларын, көпшілік алдында сөз сөйлеу барысында өзін-өзі таныстыру негіздерін, сөйлеу техникасының параметрлерін, дұрыс дәлелдеу құпияларын, сендіру арқылы көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын, тәжірибе мен жеке даму жоспарын құруды игерді.