2022 жылдың 3 мамырында «Философия» бағыты бойынша ҚР БҒМ СҒЗЖ Республикалық конкурсының финалдық кезеңі өтті. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің философия және мәдениет теориясы кафедрасынан Республикалық комиссияның жұмысына философия ғылымдарының кандидаты О.Т.Аринова қатысты.
Республикалық СҒЗЖ байқауының негізгі мақсаттарының қатарында Тәуелсіз Қазақстанның зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету үшін ең талантты және дарынды оқушыларды іріктеу және оларға қолдау көрсету болып табылады.
2021-2022 оқу жылында "Философия" бағыты бойынша Республикалық конкурстың базалық университеті Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ӘГП кафедрасы атанды.