ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша ІV Халықаралық қашықтық олимпиада

2023 жылғы 30-31 қаңтар аралығында академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, маркетинг кафедрасы, сондай-ақ цифрлық экономиканы зерттеу институты сіздерді «Sustainable Tourism Development»Туризмнің тұрақты дамуы») атты «Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша ІV Халықаралық қашықтық олимпиадаға қатысуға шақырады.

 

Олимпиада келесі бағыттар бойынша өтеді:

  • «Туризм индустриясындағы инвестициялық стратегиялар»;
  • «Road-шоу туризмдегі имиджді жоғарылату құралы ретінде»;
  • «Шекаралас аймақтарда туризмді дамыту»;
  • «Жастар туристік қозғалыстары»;
  • «Туристік индустрия кәсіпорындарының коллоборациясының ерекшеліктері»;
  • «Туризм саласындағы жаһандық өзгерістер»;
  • «Экотуризмге баламалы көзқарас»;
  • «Трансформациялық саяхат туризмдегі тренд ретінде»;
  • «Wellness-туризмді ұйымдастырудың заманауи қалыптары»;
  • «Calmtainment сауықтыру туризмінің бағыты ретінде»;
  • «Виртуалды маршруттарды әзірлеу: идеядан іске асыруға дейін»;
  • «Туризмдегі мәдени тәжірибе»;
  • «Туристік бағыттарды ілгерілетудегі контенттің рөлі»;
  • «Туристік кәсіпорындарға арналған SMM-стратегия»;
  • «Туристік бағытты дамытудың бас жоспары»;
  • «Ойын-сауық кәсіпорындарына арналған инновациялық тұжырымдамалар»;
  • «Жаңа форматтағы корпоративтік саяхаттар мен ойын-сауықтарды ұйымдастыру»;
  • «Гастрономиялық театрлар тамақтандыру және ойын-сауық индустриясының бөлігі ретінде»;
  • «Туризмді дамытуға арналған креативті платформалар».

 

29 қаңтарға дейін қашықтықтан өтетін халықаралық олимпиадаға қатысуға ниет білдірген командалар ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына белгіленген қалып бойынша өтінім жіберуі қажет: international_tourolimpiada@mail.ru. Бір оқу орнынан 2 командадан артық емес өтінім берілуі мүмкін

 

I тур «Туристік адвент-күнтізбе»: әрбір команда өз елі үшін туристік адвент-күнтізбе әзірлеп .pdf пішімінде Астана уақыты бойынша сағат 00:00-ге дейін 2023 жылғы 30 қаңтарына дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына жіберіледі: international_tourolimpiada@mail.ru.

 

II тур «Бейнеролик»  – командамен бейнеролик ұсыну, бейнеролик Олимпаданың бағыттары бойынша жасалуы керек және 2023 жылғы 31 қаңтарға дейін Астана қ. уақытымен сағат 00:00-ге дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына жіберіледі: international_tourolimpiada@mail.ru.

 

Жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар қашықтықтан өтетін халықаралық олимпиада туралы ережеде көрсетілген.

 

Барлық сұрақтар бойынша олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне келесі электронды мекенжай бойынша: international_tourolimpiada@mail.ru немесе келесі телефон номерлері бойынша хабарласуға болады: +77078677878 (Гребенюк Дарья Дмитриевна), +77770711671 (Торжанова Данагуль Асетовна).

 

PDF жүктеу