Мектеп және гимназия оқушылары арасында өткізілетін аймақтық Business-Thinkaton «Buketov Teenactus» ғылыми байқауы жалпы білім беретін мектептердің 10-12 сынып оқушыларының экономикалық бағыттағы олимпиадасы форматында өткізіледі.
Байқау ұйымдастырушылары: «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ www.buketov.edu.kz, Экономика факультеті https://buketov.edu.kz/ru/page/faculty/faculty-econ, экономика факультетінің жас ғалымдар кеңесі, экономика факультетінің студенттер және магистранттар ғылыми бірлестігі.
Байқау серіктестері: Қарағанды облысының Білім басқармасы, Қарағанды облысының білімді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, Қарағанды облысы «Атамекен» кәсіпкерлердің аймақтық палатасы.
Байқауды басқаруды, дайындауды және өткізуді академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті экономика факультетінің деканы жүзеге асырады.
Байқау тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша.
Өткізу мерзімі: 2023 жылдың 05 мамыры.
Өткізу нысаны: күндізгі, онлайн.
Толығырақ: Ақпараттық хат