ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

QazDatathon

2022 жылдың 9-ы желтоқсанында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің жанындағы Ұлттық статистика бюросы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төлем және қаржы технологияларын дамыту орталығы деректермен жұмыс істеу бойынша «Qazdatathon» конкурсының финалы өтті.

Аталған конкурсқа республика бойынша 18 команда қатысып, университетіміздің экономика және халықаралық бизнес кафедрасының «Экономика» білім беру бағдарламасының докторанттарынан құралған «BUKETOV ANALYTICS» командасы 2 орын алып, 400 000 теңге сыйлыққа ие болды.

Команда жетекшісі - Абдикаримова Алия Толеутаевна, экономика және халықаралық бизнес кафедрасының қауымдастырылған профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты.

Жеңімпаздар ұйымдастырушылар мекемелерінде тағылымдамадан өтіп, сондай-ақ серіктестердің бағалы сыйлықтарына ие болады.

Құттықтаймыз!