ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Шэньян педагогикалық университетінде ғылыми тағылымдамадан өту (Қытай, Шэньян)

2024 жылғы 8 мамырдан бастап Экономика факультетінің бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының аға оқытушысы, Л.А.Темирбекова Шэньян педагогикалық университетінде (Қытай, Шэньян қ.) ғылыми тағылымдамадан өтуде.Ғылыми тағылымдама барысында Л.А.Темирбекова факультет іс-шараларына қатысты, факультет студенттерімен кездесу өткізді,оқытушыларының дәрістеріне, сондай-ақ магистрлік жұмыстарды қорғауға қатысты. Тағылымдама Халықаралық бизнес колледжінің директорының ғылыми мәселелер жөніндегі орынбасары Сунь Лили көмек көрсетіп, бағыттап,сұрақтарға жауап ала отыра білім беру және ғылыми үдерісімен таныстырады. Шэньян педагогикалық университетінде оқыту әдістемесін зерделеу мақсатында бірінші аптада Тянь Ся, Ван Цзяцзя, Чжао Хуэйлан, Цзяо Бин әріптестерінің Халықаралық бизнес колледжінде Management accounting, Principle accounting, Investing bankig пәндері бойынша сабақтарға қатысты.