ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Серпінді жігермен сапалы білімге: Маңғыстау облысы

Әлемнің жиырма мыңдай жоғарғы оқу орындары қатысатын рейтингтің ТОП 801+ санатындағы және де Қазақстанның үздік төрттігіне енетін, кеңестік дәуірдегі екінші «мемлекеттік» статусты игерген - құндылықтары биік әрі тарихы зор Қарағанды Бөкетов университетінің арнайы өкілдері 2022 жылдың 9-11 наурыз аралықтарында Маңғыстау өңіріне келіп, елді мекендердің орта білім беру мекемелерінде «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы аясында жоғарғы оқуға түсу мүмкіндіктеріне қатысты кәсіптік бағдардағы жұмысты жүргізді.

Осы ауқымды жұмысқа университеттің 1 оқытушысы, бір деканы мен басқарама басшысынан құралған арнайы топ 2 жұмыс күн ішінде Маңғыстау облысының 5 ауданының Түпқараған, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы сияқты 4 аудан орталықтарында, елді мекендерінінің 39 мектептерінде 850 түлектерімен кездесу өткізілді. Осы кездесулерде қосалқы түрде шалғай ауылдары мектептері үшін онлайн режимдік форматы да ұйымдастырылды.

Аталған кездесулерде жалпы «Серпін» бағдарламасына, оның өзгешеліктері мен басымдықтары турасында толыққанды түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, Buketov University оқу ордасында білім алудың артықшылықтары және ерекшеліктері бойынша бейнероликтер, презентациялық материалдар көрсетіліп, Маңғыстау аймағында жалпы университеттің танымалдылығын арттыруға себеп болатын университеттің имидждік өнімдері, құнды әдебиеттері таратылып, оқушыларға тартымды болып саналатын басқа да шаралар орын алды.

Өңірде осындай кездесулерді ұйымдастырып, өткізуге қолдау көрсеткен Маңғыстау облыстық білім басқармасы мен аудандық білім бөлім басшылары, мамандарының және мектептердегі жауапты мұғалімдердің еңбектері аталынып, Buketov University басқарма жетекшілері атынан Алғыс хаттар табысталынды.

Сонымен қатар, болашағынан үміт күттіретін Маңғыстау облысы мектеп түлектерінің сапалы білім алуына жағдай жасайтын, негізін қалыптастыратын осындай ауқымды шараларды білім саласындағы өңір басшылығының демеуімен Buketov University тарапынан үздіксіз жалғастыру бойынша екі жақты келісімдіктер орнады.